Bizdin Tandau Бутяның таңдауы болмай қалды

none

Қазақстанның бояуы солғын саяси алаңының бұрынғыдан да жұпыны болатын түрі бар. Өзін демократ, қазіргі режимнің оппоненті деп мәлімдеп жүрген ірі бизнесмен және саясаткер Болат Әбілев Bizdin Tandau партиясын жабатынын жария етті. Мұндай шешім қабылдауының себебін ол Фейсбуктегі парақшасында түсіндірді.

«Құрметті достар, саяси жоба – Bizdin Tandau партиясын жабу туралы шешім қабылдау қиын, бірақ қажет болды. Өкінішке орай, біз саяси ұйымымызды тіркей алмадық, әділет министрлігі дәл біздің өтінішті қабыл алмауға көп себеп тапты.

Сотқа шағым түсірдік, бірақ біз үшін бұл жел диірмендерімен күреске айналды - біз әдеттегі саяси сызба-үлгілерге сәйкес келмеген сияқтымыз. Біз жаңадан ғана құрылған партиялардың соңғы сәтте мақұлдау алып, тіркелгенін көрдік, наурыздағы еліміздегі маңызды ішкі саяси оқиға – сайлауда Мәжілістің жаңа партияларға қалай «байығанын», оған «шұғыл лицензияланған» жас партиялар қатыса алғанын көрдік.

Сондықтан әріптестеріммен бірге Elge qaitaru қорына жұмылуды жөн көрдік. Қолдауларыңызға рахмет, біз біргеміз» деп жазды Б. Әбілев.

Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін саясат алаңына қайтып оралғанын мәлімдеген Болат Әбілевтің Elge qaitaru қорын құруы сол кезде саяси хайп жасау әрекеті деп бағаланған. Азды-көпті популистік мәлімдеме жасаудан ары бармаған белсенді бұл салада мардымды ештеңе тындырмайтынын өзі де түсінген сияқты. Ал бұған дейін Болат Әбілевтің "Нағыз ақ жол" партиясының құқықтық мирасқоры, тіркеуі бар "Азат" партиясының қызметін тоқтатқаны белгілі. Бірақ партияның қандай жағдайда жабылғаны беймәлім. Оны билік пен Әбілев қана біледі.

Айдары: Дүрбі 26.05.2023 82

Қатысты мазмұн