Басты тақырып – партиялық-саяси жүйенің дамуы

none

Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстанның партиялық-саяси жүйесінің эволюциясы: міндеттер, жетістіктер және перспективалар» атты екі күндік халықаралық форумы ашылды.

Форумда барлығы 15 елден, атап айтқанда Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропа, Түркия, Әзірбайжан, Орталық Азия елдерінен келген 600-ден астам қатысушы: түрлі мемлекеттердің жетекші партияларының өкілдері, Мәжіліс депутаттары, халықаралық ұйымдар мен шетелдік елшіліктердің өкілдері, беделді сарапшылар, қоғам және саясат қайраткерлері, журналистер бас қосты.

Жиында партиялық-саяси жүйелер дамуының өзекті мәселелері, заманауи электоралдық үрдістері талқылануда.

Форумды ашқан «Nur Otan» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өтіп жатқанын баса айтты.

Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері өткен 30 жылдағы оның дамуының басты жетістіктері қатарында Б. Байбек бейбітшілік пен келісімнің қамтамасыз етілуін, ядролық арсеналдан бас тартылуын және Семей полигонының жабылуын, жаңа астананың салынуы және ежелгі Түркістанның дамытылуын, барлық мемлекеттермен тату көршілік қарым-қатынас орнатылуын және 15 мың шақырым мемлекеттік шекараның делимитациялануын, экономиканы нарықтық түрлендірудегі түбегейлі реформалар мен Ұлттық қордың құрылуын, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына ауқымды инвестиция салынуын, халық санының өсуін және т.б. атап өтті.

Мұның барлығы әрекетке қабілетті мемлекеттік қоғамдық-саяси институттардың, дамыған адами капиталдың, қазақстандықтардың тұрмысының жақсартылуының, сондай-ақ тәуелсіздік жылдарында қалыптасып болған және «Nur Otan» партиясы басым күш болып отырған көппартиялық жүйенің арқасында мүмкін болды.

Оның пікірінше, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің партиялық-саяси жүйесінің қалыптасуын 3 негізгі кезеңге бөлуге болады. Бірінші онжылдық – көппартиялық жүйені заң жүзінде бекіту, партияларды институттандыру кезеңі. Екінші онжылдық – партиялардың сапалық тұрғыда нығаюы, мажоритарлық сайлау жүйесінен пропорционалды сайлау жүйесіне біртіпдеп өту көшу кезеңі. Үшінші онжылдық – басым саяси күшке ие көппартиялық жүйенің қазақстандық моделінің қалыптасуы.

Бауыржан Байбек қазіргі проблемалардың жаһандық сипаты барлық мемлекеттердің тығыз өзара үйлесімді іс-қимыл жасауын талап ететінін атап өтті. Бұл тұрғыда билеуші партиялардың ынтымақтастығы ерекше маңызға ие. Ол форум тек партиялардың ғана емес, мемлекеттер мен халықтардың достығы мен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға өз үлесін қоса алатынына сенім білдірді.

Форум спикерлерінің бірі ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев өз сөзінде партиялық жүйе эволюциясының негізгі кезеңдерінің бірі «Nur Otan» партиясының көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың билік партиясы төрағасының өкілеттіктерін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа беру туралы жуырдағы шешімі болғанын атап өтті.

Форум шеңберінде «Жаңа шындықтағы саясаткер бейнесі» атты семинар-тренинг өтеді. Тренер Ұлыбритания Лордтар палатасының мүшесі, Консервативтік партия өкілі Лорд Джеймс Уортон болады.

Ал Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы (Бельгия) Еуропалық консерваторлар тобының хатшысы Том Ван Дайк өзінің бренді және саясаткердің халықаралық деңгейдегі ұстанымы туралы баяндайды.

Халықаралық саяси кеңесшілер қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі Ричард Мёрфи (Ұлыбритания) «Партиялық таңдау: жаңа аймақтық көшбасшылар» тақырыбында баяндама жасайды.

«Саяси партиялар және азаматтық қоғам: аймақтық аспект» сессиясында қазақстандық сарапшылар, сондай-ақ Nazarbayev University зерттеулер жөніндегі вице-деканы Риккардо Пелиццо (Италия), саяси кеңесші, Халықаралық және Еуропалық Саяси консультанттар қауымдастықтарының мүшесі, Manigura консалтингтік агенттігінің директоры Крешимир Мачан сөз сөйлейді.

«Әйелдер мен жастардың саяси процестерге қатысуын кеңейту» сессиясында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Нұр-Сұлтан қаласындағы Бағдарламалар офисі Басшысының орынбасары Диана Дигол, Грузия Парламентінің «Грузия арманы» партиясының депутаты Мариам Лашхи (Грузия), саяси сарапшы, Әлеуметтік әділеттілік орталығының тең құрылтайшысы Тимоти Монтгомери (Ұлыбритания), саяси сарапшы, «The London Post» газетінің шеф-редакторы, BBC агенттігінің аға сарапшысы Шахид Куреши (Ұлыбритания), сондай-ақ Мәжіліс депутаттары Юлия Кучинская және Дания Еспаева, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы, ҚР Парламенті Мәжілісінің «Nur Otan» партиясынан сайланған депутаты Лаззат Рамазанова (Қазақстан) сөз сөйлейді.

Қорытынды сессия «Сайлау және жаңа заман: әлемдік тәжірибе және Қазақстан» тақырыбына арналады. Сессия жұмысына «Nur Otan» партиясының хатшысы Арман Қырықбаев (Қазақстан), «Минченко консалтинг» коммуникациялық холдингінің президенті, Ресейдің қоғаммен байланыс жөніндегі қауымдастығының вице-президенті Евгений Минченко, Нью-Мексико университетінің (АҚШ) құрметті профессоры Грегори Глисон, CEU Сан-Пабло университетінің профессоры Антонио Алонсо Маркос (Испания), Стратегиялық және сыртқы саяси зерттеулер орталығының директоры Арсений Сивицкий (Беларусь), Сиань Шет тілдер университетінің профессоры, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Конфуций институтының Қытай тарапындағы директоры Ян Лэй (Қытай), ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат (Қазақстан), Норвегияның Халықаралық қатынастар институтының Ресей, Азия және халықаралық сауда жөніндегі зерттеу тобының аға ғылыми қызметкері Роман Вакульчук (Норвегия), Джавахарлал Неру университетінің жанындағы Қытайды зеттеу кафедрасының профессоры Шрикант Кондапалли (Үндістан), IPAC зерттеу орталығының директоры, Орталық Флорида университетінің профессоры Хоуман Садри (АҚШ), сондай-ақ қазақстандық саясаттанушылар Марат Шибутов пен Марат Башимов қатысады.

Сарапшылар Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде елде басым саяси күшке ие тұрақты партиялық-саяси жүйе қалыптасқанын атап өтті. 2015 жылы ҚР Тұңғыш Президенті көппартиялық жүйені одан әрі дамытудың ұзақ мерзімді негізін қалаған Бес институционалдық реформаға бастамашылық етті. Соның нәтижесінде Парламенттің рөлі күшейтіліп, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Парламенттік партиялар атқарушы билікке әсер етудің қосымша рычагтарына ие болды. Пропорционалды сайлау жүйесіне көшу жүзеге асты. Бұл партиялардың жауапкершілігін арттыры, аймақтық, рулық-тайпалық, этно-діни сипатағы ішкі тәуекелдерді жойды.

2019 жылдан бері бірнеше саяси реформалар пакеті іске асырылды. Партиялар үшін тіркеу тосқауылы және Мәжіліске өту тосқауылы заңнама жүзінде төмендетілді, сайлауалды тізімдерде жастар мен әйелдерге арналған квоталар белгіленді, парламенттік оппозиция институты бекітілді, митинг өткізудің хабардар ету принципі енгізілді, «барлығына қарсымын» деген бағана, сондай-ақ ауыл әкімдерін тікелей сайлау институты енгізілді.

Айдары: Төбе 30.11.2021 90

Қатысты мазмұн