Әлнұр Ілияшев бес тәулікке қамауға алынды

none

Ресми хабарлама мәліметі бойынша, 4 мамырда Алматының әкімшілік соты белсенді Әлнұр Ілияшевті сот үкімін орындамағаны үшін бес тәулікке қамауға алды. Сот материалдары бойынша, қамауға алуға бұл белсендінің «Халықтық парламенттің» отырысына қатысуы себеп болған. 1 сәуірде Ілияшев «қоғамдық бірлестіктердің қызметіне қатысу құқығынан айыру туралы біле тұра» тіркелмеген «Халықтық парламент» бірлестігінің отырысына қатысқан.

Қаулыда белсендінің кінәсін мойындап, соттан оған әкімшілік қамауға алуды сұрағаны атап өтілген. «Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қамауға алу мерзімін 4 сәуір күні сағат 12-ден бастап есептеу туралы шешім қабылдады. Сот шешіміне 10 күн ішінде апелляциялық тәртіпте шағым жасалуы мүмкін. Заңға сәйкес, сот қаулысына прокурор апелляциялық шағым түсіре алады», - делінген хабарламада.

Парламент сайлауының нәтижесіне наразы болған саяси белсенділер «Халықтық парламенттің» алғашқы жиынын 1 сәуірде Алматы қаласында өткізген болатын. Ұйым саясаткерлерден, журналистер мен экономистер, заңгерлерден құралған деп хабарланды. Өзін баламалы бас билік деп атайтын ұйымының құрамында биліктің жобасы саналатын Мұхтар Тайжан, Арман Шораев, Рысбек Сәрсенбай, Инга Иманбай, Санжар Боқаев т.б. бар. Бас ұйымдастырушы - Мұхтар Тайжан.

Әлнұр Ілияшев митингтерге белсенді қатысушы және ұйымдастырушы болуымен белгілі. 2020 жылдың көктемінде ол ұсталып, содан кейін әлеуметтік желідегі жазбалары үшін үш жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сол кезде сот Ілияшевке 5 жыл бойы қоғамдық қызметпен айналысуға және партиялардың жұмысына қатысуға тыйым салды. Тергеу мәліметі бойынша, оның әлеуметтік желідегі посттары қоғамдық тәртіптің бұзылу қаупін тудыратын, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін жалған ақпарат таратқан.

Айдары: Дүрбі 05.05.2023 78

Қатысты мазмұн