Әкімдер Шымбұлақты қалай сатты?

none

Шымбұлақ – Қазақстанның оңтүстік астанасының көркем сұлулығымен таңқалдыратын мақтанышы. Ол – «Жасыл өзен», «Жасыл бұлақ» дегенді білдіреді. Өкінішке орай, Тәуелсіздік жылдарында Алматының ғажайып символына айналған құндылықтарының бірі – түйені түгімен жұтатын дүниеқоңыз шенеуніктер мен кәсіпкерлердің кірістен де, шығыстан да қомағайланып жымқырудың айлалы жолын білетін қаржылық қайнар көзіне айналғанын мойындауымыз керек. Тау шаңғысы курортының кез келген жағдайында долларлық жасыл қағаздар өзенше ағып жеке қалтаға құйылып жатты: бұл жағдай оның жамбастап жатқанында да, оны сауықтырып, туристік Меккеге айналдыруға тырысқан кезде де осылай болды. Нәтижесі адам аярлықтай өте өкінішті жағдайға әкеліп соқтырды: бүгінде «Шымбұлақ» – өте тиімсіз жобаға айналған, оның қаржылық шығындары триллион теңгенің шыңырауына түсіп, құлдилап кеткен ...

Оның айналасындағы барлық ащы шындық Алматыдағы ең қатал да қорқынышты сыбайлас жемқорлықтың етек жаюы және жер мен құрылысқа байланысты болғаны баршаға белгілі. Бұл түсінікті: қала физикалық-географиялық жағынан өзінің аумағымен шектелген, мұнда сақ ханшайымдары мен Түрік қағанаты кезінен бері мұнай мен басқа пайдалы табиғи қазба байлықтары табылған жоқ. Сондықтан оңтүстік мегаполистегі жер учаскелерінің әрбір бөлшегі, бастапқыда «алтын» деп аталды, ал кейбір бөліктері толығымен «гауһар» саналды. Тоқсаныншы жылдардағы аласапыран кездері елдегі бай және ауқатты кәсіпкерлерді «Форбс» журналының тізіміне алуға бір қолдың саусақтары ғана жететін. Ол кезде, қалалықтар физикалық тұрғыдан өздерін аман сақтап қалуды ойлауға мәжбүр болған кезде, тауларға және оның арғы жағына көз салуға ешкімнің уақыты да, зауқы да болмады. Таулар олар үшін өте құдіретті және сұлу, ғажайып көріністер еді, оған тек аздаған адамдар ғана назар аударды. Аяқ жолдарын әрең тауып, базарларда ауыр арбалар мен абажадай қытай сөмкелерін сүйреуге ғана әлдері келетін адамдардың шындығын айтқанда, экологияға да, тау бөктерінде жүргізіліп жатқан құрылыстарға да назарларын аударуға шамалары келмеді.

Елімізде алғашқы салмақты капитал мен бірінші капиталистердің бой көрсетуінен кейін, қарақшы-барондар және олармен бірге сыбайлас жемқорлар пайда болған кезде ғана Шымбұлақ – сауда арқылы пайда табу үшін қомағайлықпен кісі көзі тоймастай қатты қызығушылықтың көз құртына айналды.

Шымбұлақты «коммерциялық игерудің» бастамасы, былайша айтқанда, кейбір басқа шикізат орындарына қарағанда тиімдірек болғандай болды және ол сонау 1997 жылы Виктор Храпунов әкім болған кезден басталды. Халық арасында ол бірден «Хапунов» деп аталып кетті. Дәл осы тұста Виктор Вячеславович, Швейцария туралы немесе эмигрант саясаткер мен саясаттанушының мансабы туралы ойламағанды, сондықтан ол сол бір аласапыран құтырған кезеңде ашкөздікке жол ашып берді, ол әлі күнге дейін бітпей келеді. Дәл осы Храпуновтың басшылығымен тау бөктерін іскерлер мен шенеуніктердің терлеген қолдарына бөліп беру басталды, олар әлемнің қалай өмір сүріп жатқанын бір көздерімен көріп үлгерді және ата-анасының министрлер кеңесі үйілеріндегі жайлы пәтерлерінде ығып-көшіп жүргенді қаламады. Алғашқы бөлікті сатып алу мен сатуға мүмкіндік алған байлар төгіп-шашып шалқып өмір сүргісі келді, олар терезеден ғажайып тау көріністерін тамашалап, таза ауада өмір сүруді қалады, ағылшындық өмір салтына сай, рысактар мен ламборджиналарға толы «ат қоралары» бар виллалар мен коттедждерді салғысы келді. Оларға өзін өте әділ және хрустальдай адал деп санайтын Храпунов осындай мүмкіндік жасап берді. Храпуновтың басшылығымен таудың маңындағы аймақтардың көп бөлігі жеке және коммерциялық құрылыс үшін таратылған деп саналды.

text

Шымбұлақтың «алтын дәуірі» басталғанға дейін тағы біраз уақыт өтті. Қазақстан экономикасының қарқынды басталуы, «жоғарыдан төмен» ақшаның құйылуы, шағын және орта бизнестің дамуы, кәсіпкерлердің салыстырмалы түрде мықты, әлеуетті қабатының пайда болуы, шаңғы спорты мен альпинизм және тау туризмін жақсы көретін кәсіпкерлердің қатарын едәуір арттырды. Елге инвестициялық қызығушылықтың артуы көптеген шетелдік туристердің келуін осылайша қамтамасыз етті. Элиталық спорт түрінен шаңғы кластері жаппай айналасатын спорт түріне айналды: демалыс күндері шап-шағын Шымбұлақ – ғажайып, қалалық Арбатқа ұқсай түсті, онда бүкіл қалалықтар кездесіп, адамдар иықтаспайтындай дәрежеде болатын. Осыдан келіп оны дамытуға, аумағын кеңейтуге, инфрақұрылымын жақсартуға деген сұраныс туындады. Шымбұлақ ақыр аяғында пайдалы туристік және спорттық нысанға айналады деп үміт артылды. Алайда...

Біздің редакциямызда Алматы қаласының барлық әкімдері қол қойған ондаған құжаттар бар, олардың әрқайсысы өзінше бір жолдармен Шымбұлақ картасын ойнатуға тырысқан. Бүгін біз даңқты әкімдерімізді нақты не шүлен түрткеніне: мемлекеттік мүдде, сыбайлас жемқорлық немесе басқаша қандай сұрақтардың мазалағанына нақты жауап бере алмаймыз. Біз бір кездері Құдайдың үкімінен бұрын жердегі үкім орын алады деп ойлаймыз, уақыты келгенде нақты тергеу жүргізіліп, ол қоғамды толғандыратын барлық сұрақтарға жауап береді деп сенеміз. Болашақта бізді Шымбұлақ эпопеясының көптеген жаңа сипаттағы қыр-сырын ашатын, одан да қызықты, таңқаларлық жаңалықтарын жайып салатынына сенімдіміз.

Осы жылдар ішінде ел басшылығы қала басшылығы мен құқық қорғау органдарына Алматының тау бөктеріндегі, оның ішінде Медеу мен Шымбұлақ аймағындағы жер учаскелерін бөлуді тәртіпке келтіру мәселесін мезгіл-мезгіл тапсырып келді. Мұндай нұсқаулар жеке Иманғали Тасмағамбетовке, Бауыржан Байбекке берілді. Алайда берілген тапсырмалардың бірде-біреуі өз уақытында және жариялы түрде орындалмағаны қызық. Тергеу амалдары жүргізілді десек те болады, мүмкін, жоғарғы жаққа мәлімдемелер де жасалып, мүлік иелері мен жайлы учаске иелерінің тізімдері де жасалған болар. Тергеу ісімен айналысқан тергеушілер мен ревизорлар байқаусызда у ішіп немесе саңырауқұлақтарға тойынып қалды деп те ойламаймыз. Алайда, ол құжаттардың барлығы өз уақытын тағатсыз күтіп тұрғандай... Демек, факт, факт түрінде қалады: әйтсе де, олигархтар мен шенеуніктердің тау бөктерінен жаппай көшуі осы уақытқа дейін байқалған емес. Біз, сондай-ақ, экскаваторлардың саяжайлар мен коттедждерді қалай бұзғанын да көре алмадық, олар тіпті, қалаға ішкері ентелей еніп, тынысын тереңнен ала бастады. Тіпті, қалай десек те, ол әрекеттер керісінше орын алуда ...

text

Бұл мәселелер бойынша бір емес, Алматы қаласының бірнеше әкімдерінің қолдары бар. Олар жерлерді бөлшектеп жалға беріп, кейін оны бөлшектеп сатып отырған. Біз бұған дейін де Иманғали Тасмағамбетовтің қала әкімі тұсында ауқымды «жер учаскесін» қала әкімшілігінің 2007 жылғы 14 қыркүйектегі №7 / 894-793-ші қаулысымен 49 жылға жалға бергендігі туралы құжаттар жариялаған. Одан кейін Бауыржан Байбек қалған жер «қиындыларын» беруге өз өкімін шығарып тынды. 2017 жылдың 18 сәуірінде экс-әкім Байбек №2 / 105-450-ші қаулысымен Алматы тауларының бір бөлігін жалға берді. Әрі қарай, 26 сәуірдегі №2 / 105-599 қаулысымен жердің екінші бөлігі тағы да жалға берілді. Ал 2017 жылғы 28 тамыздағы №3 / 240-1923 қаулымен жердің қалған бөлігі Chimbulak Development жеке компаниясының иесі болып табылатын Қайрат Боранбаевқа уақытша пайдалануға берілді.

text

Бүгінгі таңда «Chimbulak Development» компаниясының жүзеге асыра алмаған жобасы тау шаңғысы курортын үлкен қарызға әкеп соқтырып отыр. Шынтуайтына салсақ, бар жұмыс Медеуден – Шымбұлаққа дейін гондола жолын салумен және курортқа дейін жаңа аспалы жолдарды салумен және тау шатқалдарын ретке келтірумен ғана шектелді. Бір ғана жаңа аспалы жолдардың курортқа қажетті қаржы ағынының құйылуына жол ашпайды және ол қайта құру үшін алынған несие қызметін толықтай өтей алмайды. Ал барлық мәлім етілгендердің бәрі орындалған емес, ол жұмыстар әлі күнге дейін қолға алынған жоқ.

Айтпақшы, бұл сабынды көпіршіктің басты бастамашысы Қайрат Боранбаев «Қазақстанның 1019 жылғы 50 бай кәсіпкері» рейтингінде 13-ші және «2018 жылғы ең ықпалды 50 іскер» рейтингінде 10-шы орында тұр. Оның байлығы, Forbes Kazakhstan бағалауы бойынша, 445 миллион долларға бағаланған. Ол Capital Partners-тің 50% -ына, Esentai Mall сауда орталығының 50% -ына, Esentai Tower бизнес орталығы мен «Рахат Палас» қонақ үйіне иелік етеді. Боранбаев – Қазақстандағы, Беларуссиядағы және Ресейдегі McDonald's франчайзиі, Alex ЖШС-нің иесі. («Алекс-Сарыағаш» минералды суы), «Phystech II» АҚ-ның (мұнай өндіру) 33% -на, және «Алмалы» активтерді басқару компаниясы ЖШС-нің иесі болып табылады. Сондай-ақ, оның «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС тиесілі «НеоТехФарм» ЖШС-інде үлесі бар. Мұндай т.б. мәселелерді көптеп келтіруге болады.

Жалпы, бәрін жоғарыда айтқанымыздай, баршаның көз алдында жарылған сабын көпіршігі болып шыға келеді. Ал оның бүркіншіктері (бейнелеп айтқанда - ақша) алысқа шашырап, олардың қайда қоныстанғанын ешкім білмейді. Біздердің Алматы тауларын сатуда және оны ұзақ мерзімге жалға беру ісінде оңтүстік астанамыздың экс-әкімдері Иманғали Тасмағамбетов пен Бауыржан Байбектің қолдарының тұрғанын сенімді түрде болжауымызға болады. Сонымен қатар, бұған біздің сүйікті Шымбұлақ демалыс аймағымыздың көптеген жылдар бойы жеке меншік иесі, атап айтқанда Қайрат Боранбаевтың қолында болуы оның нақты әлеуетін толықтай жүзеге асыра алмайтындығын қоса кеткеніміз жөн. Автотұрақ пен гондола жолдарынан өзге және үлкен қарыздардан басқа, оның бүгінгі иелері ұзақ уақыттар бойы нақты ештеңе істеген жоқ. Міне, біздің тауларымызды жанашырлықсыз, аяусыз қалай сатқандығының көңіл көншітпейтін тарихы осындай.

Ерасыл Бердібек

Айдары: Дүрбі 05.10.2020 110

Қатысты мазмұн