Әбілязов өзінің «миссиясына» сеніп қалған ба?

none

Қазақстанда мықты банктердің бірі болған БТА-банктің миллиардтаған қаржысын жымқырып, шетелден бір-ақ шыққан және демократ кейпіне енген олигарх Мұхтар Әбілязов экстрадиция мәселесі шешілетін соттың қарсаңында Қазақстанның сот төрелігінен қашып жүруінің себебі саяси екенін көрсету үшін белсенділігін арттырып отыр.

Қазақстандағы кез келген оқиғаға жалғыз өзінің себепкер екенін көрсетуге тырысады. Қаңтар оқиғасы болсын, кез келген басқа наразылық болсын – оны ұйымдастырған өзі екен. Қанша рет жаппай шеруге шығып, ел билігін құлатуға үндегенімен, оның «Төңкеріс симфониясын» орындаушылар жоқ екені анық. Бірақ сонда да өзін құдды Швейцарияда жасырынып жүрген Лениндей сезіну – ол үшін үйреншікті және қалаулы күй. Бұрынғы кеңестік айтулы дата – Ғарышкерлер күні деп аталған 12 сәуірде, енді бұрынғы Еңбекшілердің ынтымақтастығы күні, қазір Қазақстан халқының бірлігі күні - 1 мамырда халықты жаппай жиналып, билікті құлатуға қайта-қайта шақырып отыр. Бірақ оны қолдайтын сенгіш адамдардың қарасы көрінбейді.

Әбілязов мұны да ескерді. А жоспары әдеттегідей іске аспаса, Ә жоспарын да дайындап қойыпты. Ол бойынша авантюрашыл «демократ» Маңғыстау Энергокомбинаты - МАЭКты басқарудан дәмелі. Кәсіпорынды қашықтан басқармақ. Кезінде өзі бел ортасында жүрген сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойып, Назарбаев режимі тұсында құлдырап кеткен кәсіпорынды алты айдың ішінде жандандыратынына сенімді.

«1. МАЭК қызметкерлерінің жалақысы 500 мың теңгеден 3 миллионға дейін жетеді. Орташа жалақы кем дегенде 1 миллион теңге болады. 2. МАЭК ел бюджетіне қазіргіден үш есе көп салық төлейтін болады. Бірақ салық түсімінің 5 есе көп болатынына сенімдімін. 3. Бүкіл жөндеу жұмыстары үкіметтің көмегінсіз тез арада жүзеге асырылады» деп жазады.

«Бәрінен ақылды, данышпан басқарушы, жалғыз нағыз демократ» Әбілязов шынымен де өзінің «миссиясына» сеніп қалған ба? Оның бойында мемлекет тұрғысында ойлау, әділдік, халықшылдық қасиет қашан пайда болған? Таза криминалдық себеппен шетелге қашқан авантюрашыл адамның ақыл-ой, санасында мұндай эволюция болуы күмәнді. Бәрі саяси, психологиялық ойын ғана.

Айдары: Дүрбі 20.04.2023 68

Қатысты мазмұн