"Пияз королі" Мұхтар Тайжан туралы

none

Еліміздің саяси сахнасында өзін нағыз демократ, патриот, халықтың жанашыры деп көрсетіп жүрген персонаждың бірі - Мұхтар Тайжан. БАҚ-та, саясаткеркерлер арасында да оның Ақорданың тапсырмасын орындап жүрген адам екені туралы көптен айтылып жүр. Оның саналы өмірін неге арнағанын, қандай рөл атқарып жүргені туралы qazpolit.org сайтында назар аударарлық материал жарияланыпты.

Тайжан Мұхтар Болатханұлы 1973 жылдың 10 қыркүйегінде туған. Әкесі — Болатхан Тайжан (1941-2007). Қазақ КСР СІМ бас хатшысы, Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстар министрінің бірінші орынбасары, ҚР-ның бірқатар араб елі мен Малайзиядағы елшісі, «Ислам Конференциясы» халықаралық ұйымындағы Қазақстанның өкілі. Өмірінің соңғы жылдарында «Отан» партиясында ірі лауазымдарды атқарды, «Ұлт тағдыры — Ел тағдыры» ұлттық-патриоттық қозғалысын басқарды. Әпкесі — Шаяхметова Үміт Болатханқызы, «Қазақстан Халық банкі» АҚ басқарма төрайымы.

Тайжан 1991-1997 жылдары Варшава университетінің Халықаралық экономикалық және саяси қатынастар институтында оқыды (Польша). Халықаралық экономикалық қатынастар бойынша магистр дәрежесін алды. 2007 жылы экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алды.

Еңбек жолы:

• 1997-2001 — ҚР Стратегиялық жоспарлау агенттігінің және Президент Әкімшілігінің қызметкері. • 2001-2002 — «Қазақстан Темір Жолы» РМК қызметкері. • 2002-2003 — «Ордабасы корпорациясы» АҚ қызметкері. • 2003-2004 — Алматыда құрылыс дүкенінің иесі. • 2004-2005 — көбік блоктарын өндіру бойынша бизнес иесі. • 2006-2008 — Алматыда қойма иесі. • 2009 жылдан — Болатхан Тайжан қорының президенті. • 2016 жылдан бастап — Жер реформасы жөніндегі комиссияның мүшесі.

Үкіметпен әмпей-жәмпей

Қазақстанның ақпарат айдынына шығуы туралы Мұхтар Тайжан 2010 жылы сұхбаттарының бірінде егжей-тегжейлі баяндаған. Кәсіпкер ретіндегі барлық жетістігі туралы айта келе (жетістік деудің өзі артық), ол белсенді Тайжанның пайда болуына себеп болған оқиғаны айтқан.

«Былтырғы күзде Жәнібек пен Керей хандардың ескерткіштеріне қатысты сұмдық жағдай болды. Екі апта бойы ешкім үндемеді, мен Айдос Сарымовқа хабарласып, біз сөз сөйледік. Сосын Доктрина, сосын Қытайға жерді жалға беру мәселесі, сосын Кеден одағы, міне, алдарыңыздамын», — деп әңгімеледі Тайжан.

Жаңадан пайда болған жария ұлтшылдың қуаты алысқа жете қойған жоқ. 2014 жылы Тайжан «саясаттан кеткенін» салтанатты түрде жария етті.

«Үнсіз қалып, кете қалуды дұрыс деп есептемеймін. Кетуіме бірнеше себеп әсер етті. Бірінші кезекте жасым 40-та, отбасым бар. Саяси қызметке бес жылға жуық уақыт өтті, осы уақытта қоғамға бірде-бір өтірік айтпадым.

Меніңше, менің үлесім мен жұмысым нәтиже берді. Осы салада жұмыс істеп көргеніме бақыттымын. Кетуіммен ұлттық-патриоттық қозғалыста ештеңе өзгере қоймас. Бірақ бұл біздің идеямыздың жеңлісі болмаса керек. Қазақтар бұрын да, болашақта да бұл идеяға қызмет қылған және қызмет ете бермек. Халық алдында арым таза», — деп мәлімдеді Тайжан журналистерге.

Ұлтшыл-патриот кетуінің бір себебі деп бизнесіне қысым түсуін атады.

«Қазір менің кәсіпорныма және маған қысым түсіп жатыр. Талдықорған сотына ертең барғалы жатырмын. Өзім несиеге алған өз ақшама салған теміржол тұйығының 5 жылдық эксплуатацияға беруді заңсыз деп танығысы келіп жатыр. Оның үстіне маған әрдайым барынша көп мерзім мен айыппұл тағайындап датыр, бірақ кейбіреу сияқты бұзақылықпен айналыспаймын, тек ойға қонатын нәрселерді айттым. Енді мен өз бизнесіммен айналысқым келеді», — деді ол.

Тайжан бизнеспен тура екі жыл айналысты, 2016 жылдың көктемінде саяси белсенділігі пайда болды, ол «Алаш жолы» қозғалысына қосылды, бұл қозғалыс Жер кодексіне өзгерістер (ауыл шаруашылығы жерлерін жекеменшікке беру мен шетелдіктерге жалға беру) енгізуге қарсы наразылық митингілерін өткізуге бастама көтерген.

Сосын ол журналист Гүлжан Ерғалиеваның тобына қосылды. Ал «Алаш жолы» қозғалысының лидерлері Мұхтар Тайжанды «белгілі бір тапсырыс орындап жүрген сусылдақ адам» деп атады. Бір жағынан бұл сөздің шындығы да бар еді: біршама уақыттан кейін Мұхтар Тайжан Елбасының тапсырысымен құрылған жер реформасы жөніндегі комиссия құрамына кірді.

Жер реформасының комиссиясы құрамына наразы болып, комиссияның құзырет мәртебесіне келіспеген «Алаш жолы» қозғалысының Мақсат Нұрынбаев, Макс Боқаев сияқты белсенділері ұйымнан шығып қалғанда Мұхтар Тайжан комиссия құрудың ерекше маңызы барын түсінетінін және оның құрамында жұмыс істей беруге дайын екенін мәлімдеді. Ол тіпті енді наразылық митингілерін өткізудің мәні жоғын мойындап, жер реформасы жөніндегі комиссияны «ашық есікпен» салыстырды.

Кейінірек Гүлнар Бажкеноваға берген сұхбатында ол жер комиссиясының құрамында Үкіметпен шарт бойынша жұмыс істегенін, оған Алматыдан Астанаға көшу ақысын төленгенін айтты.Жер мәселесіне қатысты жиналыстарда Мұхтар Тайжан «Қытай қатерінен» қорықпауға шақырған:

«Мен Қытайды агрессив ел деп санамаймын. Мен қытайлықтарды алыс жоспарлары бар агрессив адамдар деп санамаймын. Менің ойымша, Қытай әлемдік аренада өзін саудагер сияқты ұстайды. Яғни, егер ол бізге бірдеңе ұсына алса, ол "сатып алу-сату" қағидаты бойынша ұсынады. Қытай күшпен әрекет етпейді, жерді тартып алмайды».

Сонымен қатар, Тайжан жекеменшік ауыл шаруашылығының дамуына жағымды әсер етеді деген пікір білдірді.

Кейін белсендінің риторикасы өзгерді: ол «Алаш жолы» қозғалысының бастапқы ұстанымына оралды — «жерді сатуға және шетелдіктерге жалға беруге болмайды».

Өзі өтірік ұлтшыл!

Содан кейін саясаттанушылар Тайжанның саяси ұстанымының өзгергіштігін түсінуге тырысып, Тайжанды Жер реформасы жөніндегі комиссия құрамындағы белсенді қызметі үшін «радикал патриоттар» қатты сынға алды деген қорытындыға келді. Оған ұлттық мүдделерге опасыздық жасады және Қытай мүдделерін қолдады деген айыптар айтылды.

Алайда Тайжан «патриоттыққа» келгенде ғана «күнә жасаған жоқ». Белсенді Ұлттық патриоттар арасында «өзінің» имиджін мұқият қалпына келтіріп жатқанда, оның бизнес жүргізу тәсіліне байланысты жанжал туындады.

Сөйтсек, Тайжан Шеңгелді ауылының шаруаларынан 500 тоннаға жуық пиязды сақтауға және сатуға алғаны белгілі болды. Олар оған қолхатсыз егін берді, өйткені 2016 жылы Тайжан халықтың шексіз сеніміне ие болды. Алайда, кәсіпкер саясаткер бағасы төмендеген пиязды сата алмады. Пияз тіпті оның қоймаларында шіри бастағаны хабарланды. 2016 жылдың мамыр айында бірнеше саудагер Тайжаннан пиязын сатуды ұсынды.

«Біз өзіміз қоймалардың бірінен 60 тонна пияз алып, бұзылмаған пиязды алып кетеміз деп келістік. Екі апта бойы сұрыптадық, ол 34 тонна болды. Бірақ экспортқа келгенде, Тайжан ақшаны алдын ала талап етті, бірақ олар сату фактісі бойынша есеп айырысуға келісті.

Осы уақытта Тайжанға пияз берген шаруалар алаяқтық фактісі бойынша полицияға арыз берді. Содан бері Тайжан шаруалардан пияз бергенін дәлелдеуді талап етіп келеді. Бірақ қолхат жоқ, демек дәлел де жоқ», — деп жазды БАҚ.

Журналист Айгүл Қоқай 2012 жылы Алматы облысы Тұздыбастау ауылының тұрғыны ұлының өлімінен кейін қолдау көрсеткені үшін Ұлттық патриоттарға жылқы сыйлаған кездегі басқа оқиғаны еске алды. Алайда ұлтшылдар қайғы-қасіреттен аман қалған отбасынан сыйлық ала алмайтынын айтып, құрбандықтан бас тартыпты. Біраз уақыттан кейін Мұхтар Тайжан осы ауылға барып, етті адамдар арасында тең бөлетінін айтып, жылқы сойған. Содан кейін ол сойындыны қалаға алып кетіп, ақыры адамдар ешқандай ет көрмей кеткен.

Дәл осы 2016 жылы Тайжанның көп қатесін бетіне басқан жыл болды. Серікжан Мәмбеталин Тайжанның бетінен «ұлтшыл маскасын» шешуге ниеттенді. Сосын Тайжан ұлтшылдық идеяларын өз ұстанымымен емес, қаламақы үшін айтып жүр деген қауесет шықты.

Мәмбеталин мен Тайжанның қарым-қатынасы туралы бөлек айтқанымыз орынды болар. Олардың арасындағы түсінбеушілік тарихты әрқалай түсіндіруден басталды. Мәмбеталин 19 ғасырда өмір сүрген Жәңгір хан анасы жағынан жақын туысы болып келетінін мақтанышпен айтатын. Тайжан болса Жәңгір хан Ресей империясына, қазақтардың мүддесіне қарсы қызмет еткен адам деп есептейді. Қос саясаткер осыған бола жанжалдасқан.

Дауға тағы бір себеп Тайжанның әкесі болды, оны ұлы ұлтының нағыз патриоты, халықтың жағдайын жасап, қарапайым қазақтардың мүддесін қорғады деп атады. Мәмбеталин болса Мұхтарға Болатхан Тайжан жылдар бойы билікте болып, «Нұр Отан» партиясы лидерінің кеңесшісі болып қызмет еткенін айтып тиісті.

Соттасайық!

2019 жылғы 12 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін (ҰҚСК) құру туралы Жарлыққа қол қойды. Кеңес құрамына кіргендер арасында белгілі қоғам қайраткерлері, саясаттанушылар, заңгерлер, бизнесмендер, медиасфера өкілдері: Айдос Сарым, Михаил Дорофеев, Ораз Жандосов, Марат Шибутов, Айман Омарова, Мұхтар Тайжан, Расул Жұмалы, Жеміс Тұрмағамбетова, Ермек Тұрсынов, Андрей Чеботарев, Арман Шораев, Бекболат Тілеухан, Саясат Нұрбек, Рахым Ошақбаев, Арманжан Байтасов, Қанат Нұров және басқалар болды.

Тайжан бір жыл бойы ҰҚСК-да белсенді қызмет етіп жүргенін көрсетіп, аса табысты қызметінің нәтижелері туралы талай сұхбат берген. Ал 2020 жылдың тамызында Ұлттық кеңестен Бағдан Мусин, Данияр Әшімбаев, Мұхтар Тайжан, Сейдахмет Құттықадам және Жәнібек Қожық шығарылған. Бұл «ротация аясында» жасалды делінді. Алайда ұлттық сенім өкілі Тайжан «ротацияға» жарты жыл қалғанда тағы бір даудың ортасында қалды — бұл «пияз ісіне» қарағанда күрделірек жағдай еді.

2020 жылдың сәуірінде Марғұлан Сейсембай елдің басты ұлттық патриотын билікпен байланысы бар және тапсырысты орындады деп айыптады, сондай-ақ бірнеше жыл бойы оны отбасымен бірге асырағанын, бұған $332 мың астам қаражат жұмсағанын айтты.

Сейсембай Мұхтар Тайжан түрлі материалдарды таратып, мемлекеттік қаражатты ұрлаушы деп айыптай отырып, оған қарсы тұтас ақпараттық науқан бастағанын мәлімдеді. Шын мәнінде қылмыстық іс қозғалған кәсіпкер осы сәтте ұлттық патриотты жандандыруа қалуы кездейсоқ емес, оны сот процестеріне тартуға бағытталған деп санайды. «Биліктегі біреу-міреу сені арнайы қолданып, жала жапты деп менің үстімнен әдейі сотқа беруің үшін жүргеніңді түсінбейді деп ойлайсың ба? Қателесе отырып, маған қарсы бірбеткей тиісуіңе кім дем беріп отыр? Менде екеуара скриншоттар, сен жіберген аудиолар, саған және әйеліңе ақша жеткізген адамдар ғана бар.

Ал біздің кереметтей сотымыз оларды дәлел деп таппауы да мүмкін. Сенен бәрін күтуге болады, бір кездері өзіңнің туған анаңды, туған әпкеңде соттатқансың, пияз еккен байғұс шаруаларды да қан қақсатқансың», — деп мәлімдеді Марғұлан Сейсембай.

Мұхтар Тайжан кәсіпкерден екі жыл ішінде 332 мың доллар көлемінде қаржы алу фактісін мойындады, бірақ оны бизнесте және саяси қызметте көрсетілген қызметтері үшін, оның ішінде жер комиссиясының құрамына қатысқаны үшін сыйақы деп атады. Сондағысы 2016 жылы Тайжанның хейтерлері қателеспеген болып шығып отыр.

2020 жылдың қарашасында Алматының Бостандық аудандық соты Марғұлан Сейсембайды саясаткер Мұхтар Тайжанға қарсы сот процесіне жеке келуге міндеттеді.

«18 қараша күні сағат 14.30-да Марғұлан Сейсембаймен кезекті сот отырысы өтеді. Өткен аптада ол сотқа келмеді, дегенмен судья өкіл арқылы қатысуға өтініш берді. Сейсембаевтың неге болмағаны туралы сұраққа оның өте ақылды өкілі Қанат Асылов ол «бос емес» деп жауап берді! "Ауру" емес, "ұшақ кешікті" емес, "бос емес".

Сонда қалғандары – адвокаттар, судьялар, бос жүр екен де, дәл осы Марғұланның қолы бос емес екен (кезекті бір ютуб-сұхбаты үшін шығар). Алматының Бостандық аудандық судьясы мұндай жауапты «дұрыс емес» деп, жауапкер Сейсембайды келесі сот отырысына қатысып, сот пен адвокаттардың сұрақтарына жауап беруге міндеттеді», — деп жазды Тайжан Facebook желісінде.

Тайжан ар-намысын, қадір-қасиетін және іскерлік беделін қорғау туралы талап-арызында Сейсембайдан айтқан сөздерін жоққа шығаруды талап етті.

2021 жылдың қаңтарында Алматы соты бизнесмен Марғұлан Сейсембай әлеуметтік желілерде жариялаған мәліметтер саясаткер Мұхтар Тайжанның абыройына нұқсан келеді деп шешіп, 5 млн теңге өтеп беруге міндеттеді. Сотта Тайжан бұл шешімге ішінара ғана қанағаттанғаны айтылды.

«Сот тараптарды татуластыру бойынша бірнеше рет шара қабылдады, бейтарап тарапта кездесулер, келіссөздер өткізу мүмкіндігі берілді. Медиациямен татуласу мүмкіндігі бірнеше рет талқыланды», — деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі үкімді.

Сот дауында жеңімпаз болып шығып, саясатта ұмытылғысы келмеген Мұхтар Тайжан өзінің сүйікті кәсібіне — айғайлаған және мағынасыз мәлімдемелер жасауға кірісті. 2021 жылғы 18 наурызда ол елде Қазақстан азаматтығын алу үшін талаптарды қатаңдату керегін хабарлады.

«Қазақстан азаматтығы бойынша талаптарды күшейтуді ұсынамын. Әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, белгілі бір елдің азаматтығын алу үшін адамдар белгілі бір уақыт – кемінде 5 жыл өмір сүруі керек, мемлекеттік тілді білу, осы елдің тарихын білу үшін емтихан тапсыруы керек», — деді Тайжан Мәжілістегі жұмыс тобында шетелдіктерге жер сатуға және жалға беруге тыйым салатын заң жобасын талқылау кезінде.

Сонымен қатар, ол Қазақстанда болған уақытта бұл адамдарда заңды бұзбауы керек деп санайды. Осылайша олар осы елге адалдығын көрсетіп, дәлелдеуі керек. Бұл мәселе жер комиссиясының отырысында қаралуы мүмкін.

Айдары: Дүрбі 26.11.2022 116

Қатысты мазмұн