Жылқыға соғысқан көліктің ішіндегі үш адам өлді

none

Түркістан облысында Toyota Camry 50 көлігі жылқыны соққан. Облыстық полиция департаменті бір отбасынан үш адам қаза тапқанын мәлім етті.

Полиция мәліметіне сүйенсек, жол апаты 3 сәуірде сағат 20.30 шамасында Самара-Шымкент тасжолында болған. Шымкент тұрғыны Toyota Camry 50 маркалы автокөлігімен Түркістаннан келе жатқан. Бір сәтте жолдың сол жағынан жүгіріп шыққан жылқыға соғылған.

"Оқиға орнында үш адам қаза тапты: күйеуі мен әйелі және олардың кәмелетке толмаған немересі. Көлік жүргізушісі, қаза тапқан ерлі-зайыптының күйеу баласы түрлі дене жарақатымен Шымкент қалалық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді", - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Дерек ҚР ҚК 345-бабы "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша тіркелді.

Айдары: Найзағай 05.04.2021 78

Қатысты мазмұн