Мүфтиятты реформалау үшін бас мүфтиді ауыстыру қажет!
Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмді насихаттады деген күдіктілер ұсталғанын хабарлады. 26 маусымда Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитеті прокуратура органдарының үйлестіруімен және ІІМ-мен өзара іс-қимыл жасай отырып, терроризмді насихаттады деген күдікпен Қазақстанның 4 азаматын ұстады.
Алдын ала деректер бойынша, фигуранттардың бірі ұзақ уақыт бойы шетелде тұрған, радикал діни идеологияға сол жерде тартылған болуы ықтимал.
"Тінту барысында діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды. Қылмыстық кодекстің 256-бабының 1 және 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Дереккөз: Tengrinews.kz