Астанада қыздарды жезөкшелікке мәжбүрлеген ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

none

Астанада тоғыз "элиталық" монша кешенінің аумағында жас қыздарды жыныстық қанауға тарту және мәжбүрлеу схемасын құрған қылмыстық топ ұсталды.

Топ 17 адамнан тұрды. 30-дан астам тінту жүргізіліп, ақша мен алты көлік тәркіленді. Негізгі айыпталушылар қамауға алынды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністері 22-24 мамыр аралығында "STOP-трафик" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. Адам саудасының 49 фактісі, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты тоғыз факт анықталды.

Адамдар "трафигімен" байланысты заңға қайшы әрекеттерді жүзеге асырған күдіктілерге қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық ету деректері бойынша үш сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мысалы, Астана қаласында тоғыз "элиталық" монша кешенінің аумағында жас қыздарды сексуалдық қанауға тарту және мәжбүрлеу бойынша қылмыстық жүйені жолға қойған 17 адамнан тұратын топтың қылмыстық әрекетінің жолы кесілді. 30-дан астам тінту іс-шарасы өткізіліп, ақша және алты автокөлік тәркіленді.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 29.05.2024 30

Қатысты мазмұн