Жапаров қырғыз-өзбек шекарасы бойынша келісімге қол қойды

none

Қырғыз президенті Садыр Жапаров Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасын ратификациялау жөніндегі заң жобасына қол қойды. Бұл жөнінде қырғыз мемлекет басшысының әкімшілігі хабарлады.

17 қарашада Жогорку кеңеш заң жобасын бірден үш оқылымда қабылдаған.

Қырғыз президенті әкімшілігінің мәліметінше, келісімге екі ел арасындағы 302,29 шақырым шекара сызығы енген.

Қырғыз парламентінде бұл құжат даулы пікірталас арқылы қабылданды. Ондағы басты мәселе Кемпірабад су қоймасы маңындағы жердің Өзбекстанға өтуі. Бұл қоғам наразылығын да туғызған. Отызға жуық саясаткер мен белсенді ұсталды. Қазір олар тергеу абақтысында отыр. Бірақ келісімде су қоймасын екі ел бірлесіп басқаратыны айтылған.

Өзбек басылымдарының хабарлауынша, шекара сызығы өзгергеннен кейін Қырғызстан аумағына өтіп кеткен ауылдың 130 отбасын өзбек жеріне көшіреді. Көшіру жұмысына 4,5 млн доллар бөлінген.

Айдары: Найзағай 30.11.2022 31

Қатысты мазмұн