Жаңадан құрылған 3 облыстың көлік нөмірлері қандай болады

none

Жаңадан құрылған үш облыста берілетін автокөліктің аймақтық нөмірлері жарияланды. Бұл туралы Ішкі істер министрлгінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ведомство хабарлағандай, автомобиль нөмірлеріндегі өңірлік кодтар қазақ тілінің әліпби тәртібімен беріледі.

«Осыған байланысты жаңадан пайда болған үш облысқа автокөліктердің өңірлік кодтарын мынадай тәртіппен беру ұсынылады: Абай облысы - 18, Жетісу облысы - 19, Ұлытау облысы - 20», - деп мәлімдеді ІІМ баспасөз қызметі.

Министрлік ақпаратына қарағанда, жаңа аймақтарда көліктің нөмір кодтарын енгізу барысында көлік құралдарындағы бұрынғы мемлекеттік нөмірлерді ауыстыру талап етілмейді.

Айдары: Найзағай 22.06.2022 50

Қатысты мазмұн