Ұлыбритания Украинаға тағы әскери көмек береді

none

Ұлыбритания Украинаға 1,6 млрд доллар көлемінде әскери көмек береді, деп жазды Reuters агенттігі.

Бұл осыған дейін берілген көмектен шамамен екі есеге көп. Британ үкіметі мұның Ирак пен Ауғанстандағы соғыстан бергі ең ірі қаржылай көмек екенін атап өтті. Бірақ оның жай-жапсарына тоқталмады.

"Путиннің қатыгез шабуылы Украинаны қиратып қана қойған жоқ, ол Еуропадағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіріп отыр" деді Джонсон.

АҚШ президенті Джо Байден Ақ үйде сөйлеген сөзінде Украинаға 33 млрд доллар көлемінде қосымша көмек көрсету жөнінде Конгреске өтініш жібергенін айтты.

Бұл соманың 20 миллиарды – Украина мен көрші елдеріне қару-жарақ пен әскери жабдықтар алуға, 8,5 миллиарды - экономикалық қолдауға, 3 миллиарды гуманитарлық көмекке жұмсалады. Бұл шешімді Конгресс қолдауы тиіс. Осыған дейін АҚШ билігі соғыс біткенге дейін Украинаны қолдауға әзір екенін мәлімдеген.

Айдары: Найзағай 08.05.2022 90

Қатысты мазмұн