Ұлттық кеңес: Кімдер шықты, кімдер кірді?

none

Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің құрамы өзгерді. Бұл туралы Қазақстан президенті әкімшілігінің Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасы AkordaPress хабарлады.

Бұл хабарға қарағанда, ұлттық кеңеске мәжіліс депутаты Бақытбек Смағұл, заңгер Марат Башимов, "Мазмұндама" ҚБ төрағасы Шыңғыс Мұқан, Қазақстанның жаңартылатын энергетика қауымдастығының бас директоры Арман Қашқынбеков, "Талбесік" қозғалысының жетекшісі Ләззат Қожахметова, "Ізгілік елшісі" еріктілер қозғалысының жетекшісі Айнұр Сәбитова мүше болған.

Ұлттық кеңес құрамынан Эльвира Әзімова, Аружан Саин, Болат Палымбетов, Арман Шораев, Бақытжан Бұқарбай, Азаматхан Әміртаев шығарылған.

Айдары: Найзағай 03.03.2020 43

Қатысты мазмұн