Ұлттық банк Нұр-Сұлтанға көшті

none

Ұлттық банк Алматыдан Нұр-Сұлтанға көшті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеушісінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ұлттық банк жаңа заңды мекенжай бойынша орналасты: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57а.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанның қаржы орталығында - Алматы қаласында - Әйтеке би көшесі, 67 мекенжайы бойынша Ұлттық банктің тұрақты өкілдігі ашылды. Оның басшысы болып Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Д. Ғалиева тағайындалды.

ҚРҰБ Өкілдігі ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығымен, Қаржы нарығы субъектілерімен және халықаралық қаржы институттарымен тығыз қарым - қатынасты жалғастырады", - делінген хабарламада.

Айдары: Найзағай 29.06.2020 32

Қатысты мазмұн