Украина сайты қазақстандықтардың жеке дерегін таратқан

none

Украинаның құқық қорғау органдары Қазақстан мен ТМД елдері азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі сайттың жұмысына тыйым салды, - деп хабарлайды Украина ІІМ баспасөз қызметі.

Ғаламтор мен автоматтандырылған жүйелерді пайдаланып, жеке деректердің қорғалуына нұқсан келгені хабарланды.

"Бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 200 миллионға жуық адамның, соның ішінде Қазақстан, Молдова, Белоруссия, Украина және ТМД азаматтарының жеке деректері заңсыз таратылған ірі веб-ресурстардың бірінің қызметі тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Бұғатталған сайтта азаматтардың телефон нөмірлері, аты-жөні, тіркелген жерлері, ал кейбір жағдайларда көлік құралдарын пайдалануға байланысты көрсетілген әкімшілік қызметтер туралы ақпарат болған.

Бұл дерек бойынша Украина Қылмыстық Кодексінің 182-бабы ("Жеке өмірге қол сұғушылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Бұған дейін қазақстандықтар сайттардағы, соның ішінде мемлекеттік сайттардағы, WhatsApp-чаттардағы дербес деректерінің таратылғанына шағымданған болатын.

Айдары: Найзағай 09.11.2021 71

Қатысты мазмұн