Үкімет отставкаға кетті

none

Бүгін VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында Әлихан Смайылов басқаратын министрлер кабинеті жаңадан сайланған Мәжіліс алдында отставкаға кетті.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің алдында Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты қаулы етемін:

  1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін Қазақстан Республикасының Үкіметі өз міндеттерін атқаратын болсын.

  2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлықта.

Айдары: Найзағай 29.03.2023 46

Қатысты мазмұн