Түнде Нұр-Сұлтаннан төрт шетелдік депортацияланды

none

16 қазанда Ыстамбұлдан мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген Түркия азаматы мен Ресейдің үш азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.

"Барлық шетелдік COVID-19-ға ПТР анықтамасын 2020 жылдың 9 қазанында жасаған.

16 қазанға қараған түні 9 рейс, 1114 жолаушы келді, олардың ішінде 897 адамда анықтама бар, 217 адамда жоқ, оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласына 4 рейс, 475 жолаушы, анықтамасы бар - 365, анықтамасы жоқ - 110, депортацияланған-4; Алматыда 4 рейс, 605 жолаушы, анықтамасы бар - 503, анықтамасы жоқ - 102; Ақтауда 1 рейс, 34 жолаушы, анықтамасы бар - 29, анықтамасыз - 5", - деді Байғабылов.

COVID-19-ға ПТР талдау туралы анықтамасыз келген қазақстандықтар тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды.

Айдары: Найзағай 16.10.2020 11

Қатысты мазмұн