Теңізде карантин бұзылды. Вирус өршіп кетті

none

Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев Теңіздегі қызметкерлердің вирус жұқтыруы - карантин шараларын елемеуден екенін айтты.

"Кей өңірлерде вирус жұқтырғандар саны артып келеді, кейбір жерлерде - жоқ. Атап айтқанда, көбі жабық ұжымда жұмыс істейтіндер жұқтырған, мысалы, "Теңізшевройл" мен оның Атырау облысындағы мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдарында науқас көп. Бұл Шымкенттегі PetroKazakhstan-ға да қатысты. Біз бұл ұжымдардың жабық, вахталық ауылдарда өмір сүруіне байланысты айтарлықтай өсім байқап отырмыз. Сондай-ақ, бастапқыда айтылған және ұсынылған карантин шараларын сақтамаудан болып отыр.

Бұл бірінші кезекте ұйым басшыларының және жұмыс берушілердің жауапкершілігі. Олардың жұмысы - карантин шараларын орындауға міндет қою еді", - деді Тимур Сұлтанғазиев.

Айдары: Найзағай 18.05.2020 35

Қатысты мазмұн