Тәртіпсіздікке шақырғандарды жаппай ұстап жатыр

none

Алматыда азаматтарды тәртіпсіздік пен зорлық жасауға шақырғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция департаменті Тергеу басқармасының мәліметінше, күдіктілерді полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері анықтаған.

Ұсталғандар - 1990 жылғы және 1987 жылғы ер адамдар. 1990 жылғы ер адамның осыған дейін қарақшылық үшін сотты болғаны айтылады. Олар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде халықты адам көп жүретін жерде жиналып, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырған.

"Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 272-бабының 3-бөлігі бойынша жазаланады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Полиция департаменті сенімсіз дереккөздерден тараған ақпаратқа сенбей, арандатуға ермеуге шақырады", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Сондай-ақ, 8 ақпанда Ақмола облысының полицейлері әлеуметтік желіде мониторинг жүргізу арқылы WhatsApp мессенджерінің топтарының бірінде аудиохабарлама жіберген адамды анықтады. Ол онда заңға қайшы әрекеттерді істеуге шақырған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері автордың кім екенін анықтады, ол Ақмола облысындағы Шортанды ауылының 50 жастағы тұрғыны екен.

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру") бойынша іс қозғалған. Тергеу жүріп жатыр.

Айдары: Найзағай 11.02.2020 61

Қатысты мазмұн