Соңғы тәулікте короновирус бойынша 3 мыңға жуық науқас анықталды

none

29 сәуірде Қазақстанда 2853 адамның анализінен коронавирус анықталды. Бұл туралы 30 сәуірде таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бейсенбі күні Алматыда 675 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Нұр-Сұлтанда – 566, Қарағанды облысында – 255, Алматы облысында – 180, Батыс Қазақстан облысында – 155, Ақмола облысында – 150, Ақтөбе облысында 130 науқас тіркелген. Атырау облысында – 80, Шығыс Қазақстан облысында – 101, Павлодар облысында – 146, Шымкентте – 105, Қызылорда облысында – 70, Жамбыл облысында – 77, Маңғыстау облысында – 57, Түркістан облысында – 45, Солтүстік Қазақстан облысында – 35, Қостанай облысында 26 адамнан Covid анықталған.

2020 жылдың наурыз айынан бері Қазақстанда 319 818 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3668 адам коронавирустан қайтыс болған. Бұл статистикаға "коронавирустан емес, басқа аурудан қайтыс болды" делінген мыңнан астам адам (кемінде 1619 адам) өлімі енбей қалған.

Денсаулық министрлігі адам өлімі мен коронавирус пневмониясына шалдыққандарға қатысты екі күн бұрынғы мәліметті жариялап келеді. 28 сәуірде 33 адам қайтыс болған: 30 адам – коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болған деп айтылады.

Қазақстан үкіметі былтыр тамыздан бастап анализінен коронавирус анықталмаған, бірақ ауру белгілері бойынша соған ұқсайтын коронавирус пневмониясының есебін жүргізіп келеді. 28 сәуірде 105 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 2020 жылдың 1 тамызынан бері 52 844 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Басым бөлігі жазылған. Пневмонияның осы түрі 794 адамның өліміне себеп болды деп айтылады.

Қазір 42 730 адам коронавирустан емделіп жатыр. 42 мыңнан астамының коронавирус тесті оң шыққан. 763 адамның жағдайы ауыр, 196 адамның жағдайы өте ауыр. 112 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Министрлік мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозасын кемінде 1 млн 184 мың адам алған. Осы аптада халыққа Covid-ке қарсы қазақстандық QazVac вакцинасы да салына бастады. Вакцина клиникалық сынақтың үшінші кезеңінен толық өтпеді. Қазір елде негізінен ресейлік Спутник V вакцинасы салынып жатыр. 27 сәуірде Қазақстанның коронавирусқа қарсы қытайлық вакцинаны да сатып алғаны белгілі болды.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметіне қарағанда, әлемде коронавируспен тіркелгендер саны 150 миллионнан асқан. Оның 3 млн 161 мың адам қайтыс болған. 87 млн 240 мың адам жазылған.

Айдары: Найзағай 30.04.2021 39

Қатысты мазмұн