Си Цзиньпин қытайлықтарды тамақты үнемдеуге шақырды

none

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин ел тұрғындарын тамақты үнемдеуге шақырды.

Қытай төрағасының айтуынша, жыл сайын елде бидай өндіру көлемі артып келеді. Оның пікірінше, соған қарамастан әрқашан азық-түлік қауіпсіздігін басты назарда ұстаған жөн.

Осы жылғы коронавирус пандемиясы елдің азық-түлік қауіпсіздігіне әсер тигізген.

"Заңды, бақылауды күшейтіп, тиімді шараларды қолдану керек. Азық-түлікті бей-берекет пайдалануға жол бермес үшін оның алдын алу қажет. Осы мәселеде насихатты күшейту керек", - дейді Си Цзиньпин.

Синьхуа агенттігінің мәліметінше, Қытай төрағасы әрқашан елдің азық-түлік қауіпсіздігіне баса мән берген. Ол осыған дейін де тамақ қалдықтарын азайтуға шақырған.

Айдары: Найзағай 11.08.2020 15

Қатысты мазмұн