
Шымкент қаласында тағы бір адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы 25 наурыз 16.30-да Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Шымкентте коронавирус жұқтырған бірінші адам 24 наурыз кешкісін анықталған. Ресми дерек бойынша, 1996 жылы туған адам қалаға бірнеше күн бұрын Нұр-Сұлтаннан келген.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Осыдан кейін екі қалада оқитын я уақытша жүрген адамдар өз қалаларына жаппай қайта бастаған.
Ал 13 наурызда Қазақстанға Германиядан ұшып келген жеке борттағы 12 адамның жетеуінен коронавирус табылды. Бұл туралы 25 наурызда Алматы қаласы қызметтер мен сапаны бақылау департаменті хабарлады.
Департаменттің дерегінше, вирус жұқтырғандардың алтауы – жолаушы, біреуі – бортсерік.
Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы адам 13 наурызда анықталған. Ол осы бизнес-джетпен Германиядан Нұр-Сұлтанға ұшып келген еді.
Қазір жеке ұшақпен келген барлық адам карантинде.