Сенат "Саяси партиялар" және "Сайлау туралы" заң жобасын мақұлдады

none

21 мамырда парламенттің жоғары палатасы "Сайлау" және "Саяси партиялар" туралы конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады.

Заң жобаларына сәйкес, саяси партияларды тіркеу үшін бұрынғыдай 40 мың емес, 20 мың мүшесінің болғаны жеткілікті. Бұған қоса, құжат партияларды мәжіліс және мәслихат депутаттарына кандидаттардың тізімін жасақтау кезінде әйелдер мен жастарға 30 пайыздық квота қарастыруды міндеттейді.

Сенатта баяндама жасаған әділет министрінің міндетін уақытша атқарушы Наталья Пан заң жобаларының ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелері, саяси партиялар, жастар арасында талқыланғанын айтты.

Айдары: Найзағай 21.05.2020 61

Қатысты мазмұн