Сарайшық ауылы маңындағы зиратқа тасқын су кірді

none

Атырау облысында Сарайшық ауылы маңындағы зират аумағына тасқын су кірген. Атырау облысы жедел штабының мәліметінше, қазір зират аумағында қосымша бөгет салынып жатыр.

Зират Сарайшық ауылынан 2 шақырымға жуық қашықта орналасқан.

Бұрын зираттың сыртынан бөгет соғылған. Алайда, тасқын су сол бөгеттен өтіп, зират аумағына жайылған.

«Қазір зират қоршауының ішкі жағынан қосымша бөгет салу қолға алынды. Бұл жұмысқа Сарайшық ауылының 30-ға жуық тұрғыны, әскери бөлімнің 20 сарбазы жұмылды. Топырақ тасу, бөгетті биіктету секілді жұмысқа 14 КамАЗ, 3 Shacman, 1 Hidromek техникасы тартылды» деп хабарлады облыстық жедел штабтан.

Бұдан бұрын Жайықтың деңгейін төмендету үшін Сарайшық маңындағы Құрсай каналы жырылған еді, деп жазады inform.kz.

Айдары: Найзағай 16.05.2024 31

Қатысты мазмұн