Samsung Electronics коронавирусқа қарсы вакцина өндіретін болады

none

Samsung Electronics өзінің Samsung Biologics бөлімшесіне Moderna компаниясының COVID-19-ға қарсы вакцинасын өндіруге қолдау көрсетпек.

28 шілдеде Moderna компаниясы шетелдік вакцина зауытымен болған түсініспеушілік туралы жариялады. Саланың инсайдерлері мәселе Samsung Biologics-ке сұйытылмаған вакциналарды өндіру және жеткізуге жауап беретін Швейцариядағы зауыт жұмысына байланысты туындады деп отыр.

Бұл жағдай компания жұмысына кедергі келтірген. Олар вакцина өндірісін аяқтауға дайындалып жатыр. Алайда сұйылтылмаған вакцина ерітіндісі шетелдік зауыттардан шықпаса, барлық дайындық нәтижесіз болуы мүмкін еді.

Басылым мәліметінше, Samsung Biologics өзінің өндірістік жүйесін дайындауға ниетті. Басылым вакцинаны жасау процесінде ең маңызды нәрселердің бірі - өндірістік учаскелерді таза ұстау екенін, ал Samsung Electronics тазалық бойынша әлемде алдынғы орында тұратынын айтты. Мамандардың айтуынша, егер Samsung Electronics тазалық бойынша Samsung Biologics өндірістік тәжірибесіне қосылса, Moderna Samsung Biologics технологияларын берудің жылдам қарқынын және вакциналар өндірісінің сапасын жақсартуы мүмкін.

Moderna Кореяны АҚШ пен Еуропаны қоспағанда, әлемде вакцина өндіретін жалғыз ел ретінде таңдағанын айтты.

Бұған дейін Pfizer және Moderna вакцина өндірушілері Еуропалық Одақ үшін препараттың бір дозасы үшін бағаны көтерген болатын.

Айдары: Найзағай 03.08.2021 60

Қатысты мазмұн