Самат Әбішке қарсы қылмыстық іс қозғалды

none

Бас прокуратураның Арнайы прокурорлары Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары жүргізуде.

ҚР Бас прокуратураның мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбішке қатысты "қаңтар оқиғалары" кезінде билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

"Тергеу құпия құжаттаманың едәуір көлемін зерделеумен байланысты. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды" - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Сонымен қатар, қадағалау ведомствосы Конституция нормаларына сәйкес заң мен сот алдында бәрі тең екенін атап өтті. Тергеу қорытындысы бойынша заңды іс жүргізу шешімі қабылданатын болады.

2023 жылы 5 қаңтарда Бас прокуратура Самат Әбіштің қаңтар айындағы оқиғаларға қатысты істе куәгер ретінде өтіп жатқанын хабарлаған болатын.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 19.09.2023 42

Қатысты мазмұн