Сақ болыңыз! Әділет министрлігі алаяқтар көбейгенін ескертті

none

ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли өзін әділет органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып жүрген алаяқтар халықты сендіру үшін мемлекеттік қызметшінің ID карталарын көрсетіп жатқанын ескертті.

"Соңғы кезде алаяқтар азаматтарға хабарласып өздерін Әділет министрігінің басшылары немесе қызметкерлері ретінде таныстырып, жеке деректерін сұрауда. Осыған орай Әділет министрлігі бейтаныс азаматтарға немесе телефон шалған бөтен тұлғалар мен интернет-ресурстарға дербес деректері туралы (жеке куәлік деректері, ЖСН нөмірі, банк карточкаларының мәліметі, мекен-жайы) мәліметтерін таратпауды сұрайды" -деді Талғат Уәли.

Ол Әділет министрігінің қызметкерлері телефон арқылы азаматтардың жеке деректерін сұратпайтынын баса айтты.

Осындай фактілермен бетпе-бет келген болсаңыз, құқық қорғау органдарына хабарласуларыңыз қажет.

Әділет министрлігінің қызметі туралы қандай да бір ақпарат алғыңыз келсе, 119 нөмірі арқылы Call орталыққа хабарласуыңызға болады.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 18.09.2023 29

Қатысты мазмұн