Respublica партиясы ресми тіркелгенін мәлімдеді

none

Respublica партиясы Қазақстанда ресми түрде тіркеуден өтті. Бұл жөнінде жаңа саяси ұйымның төрағасы Айдарбек Хожаназаров мәлімдеді.

"Біздің ресми өкіліміз Астана қаласының халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде Respublica партиясының тіркеу құжаттарын қолына алды. Енді біз - еліміздің жаңа, ресми тіркелген саяси күшіміз! Бұл ұзақ апталар мен айлап күткен және бірнеше рет тіркеуге жіберілмеген сәтсіздіктерден кейінгі - ортақ ортақ жеңісіміз! Алайда, бұл сынақтар бізді тек ғана күшейтті", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айдарбек Хожаназаров сонымен қоса партияның тең төрағалары - Сырымбек Тау, Руслан Берденов, Максим Барышев, Динара Шукижанова, Қуаныш Шонбай, Бейбіт Әлібеков және Нұрлан Қоянбаевты жеңісімен құттықтаған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 18.01.2023 30

Қатысты мазмұн