Президент Тоқаев 67 жасқа толды

none

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 67 жасқа толды.

Осыған дейін Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Тоқаев туған күнін қалай атап өтетінін айтқан.

"Аталған датаға орай ешқандай шара өтпейді. Тіпті, Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне туған күнімен құттықтамау, естелік сыйлықтар тарту етпеу туралы ескерту жасалды. Президент бұл күнді тойлағанды ұнатпайды. Өйткені ол кісінің отбасында балалардың да, ересектердің де туған күні тойланбайды екен. Ондай дәстүр қалыптаспаған" деп жазды Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылдың 17 мамырында Алматы қаласында дүниеге келген.

Айдары: Найзағай 17.05.2020 34

Қатысты мазмұн