Павлодарда карантин шектеулері енгізіледі

none

Павлодар облысында 18 қазаннан бастап бірқатар карантин шектеулері енгізіледі.

Қоғамдық тамақтану орындары, сауда орталықтары және азық-түлік дүкендерінің жұмыс уақыты қысқартылады. Нақтырақ айтқанда, бұл нысандардың жұмысы екі сағатқа қысқартылады, яғни, сағат түнгі 22:00-ге дейін ашық болады. Бұл ережелер облыстың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысында көрініс тапты.

Құжат аясында қызмет көрсету салалары нысандарының жұмыс режимі өзгертілді. Сауна, монша, сұлулық салондары мен шаштаразтардың ғимараттары 30 пайызға ғана толуы шарт. Қаулы аясында жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысы тоқтатылады. Яғни автобустар мен трамвайларда кешенді дезинфекциялық жұмыстар атқарылмақ.

"Қаулы аясында демалыс күндері сауда орталықтары, жабық азық-түлік дүкендері мен өзге де сауда нысандарының жұмысына шектеу қойылады. Сонымен қатар бір күнге қоғамдық көліктің қозғалысы тоқтатылады. Аймақта коронавирустық инфекцияға қатысты жағдай тұрақты, аздаған өсім бар. Бірақ шектеу шараларын енгізу қажет етіледі", - деді облыстың бас санитар дәрігері Батырбек Әлиев.

Айдары: Найзағай 17.10.2020 12

Қатысты мазмұн