Пәкістанда ұшақ құлады

none

Кеше Пәкістанда Карачи әуежайының маңында "Пәкістан халықаралық әуе желісінің" жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ бортында 107 адам: 99 жолаушы және 8 экипаж мүшесі болған. Пәкістанның ресми органдарына сілтеген кейбір халықаралық басылымдар ұшақта кемінде 91 адам болған деп хабарлады.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Airbus A320 ұшағы Карачи қаласынан Лахорға жолаушылар тасымалдаған. Жерге қонуға шамамен бір минут қалған кезде құлаған.

Geo.tv хабарлауынша, ұшақ құлаған ауданда бірнеше тұрғын үй бүлінген. Оқиға орнында пәкістандық әскерилер мен арнайы қызмет өкілдері құтқару операциясын жүргізіп жатыр.

Айдары: Найзағай 22.05.2020 37

Қатысты мазмұн