Өскемендегі ЖЭО-да ақау шықты

none

Өскемен қаласындағы жылу электр станциясының бірінен күшті аяз кезінде ақау шыққан. Бұл ақпаратты "Хабар 24" таратты. Түнде Өскеменде минус 40 градусқа дейін аяз болған.

"Шығыс Қазақстан облысында кейінгі күндері аяз күшейіп тұр. Өскемен ЖЭС-і де шыдай алар емес. Датчиктердің бірінен ақау шығып, №15 қазандық ажырап қалды. Бір жарым сағатттан соң қайта қосылды. Бірақ құбыр суының айналымы сыр берген. Сол себептен тұрғын үй батареяларындағы температура төмендеп кетті", - дейді телеарна сюжетінде.

Қазір станцияда жөндеу бригадалары көбейтілген, 7 қазандық пен 6 турбоагрегат жұмыс істеп тұр.

Айдары: Найзағай 29.11.2022 32

Қатысты мазмұн