Нұр-Сұлтанда мұғалімдер мен полицейлерді вакцинациялау басталды

none

1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтанда мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері және тәртіп сақшылары коронавирусқа қарсы екпе салдырады. Нұр-Сұлтан Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мәліметтері бойынша, бұл топта 15 мыңнан аса адам бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалада осы санаттағы адамдарға екпе салу үшін алғашқы 36 медициналық-санитарлық көмек ұйымында вакцинация пункттері ұйымдастырылды. Бұған ведомстволық ұйымдар да қатысады.

"Педагогтер мен тәрбиешілер оқу орны орналасқан жер бойынша тіркелген алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында екпе салдырады. Вакцина қабылдайтын адамдар тізімі жасалып, емханаларға жіберілді", - деп толықтырды департамент өкілдері.

1 ақпаннан бастап Нұр-Сұлтанда 2126 адам коронавирус инфекциясына қарсы екпе салдырды. Өткен демалыс күндері басқарма қоймаларына жеті мыңнан аса доза вакцина жеткізілді.

Айдары: Найзағай 01.03.2021 49

Қатысты мазмұн