Назарбаев астананы Түркістанға ауыстыру туралы қауесетті жоққа шығарды

none

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Qazaqstan TV-ге берген сұхбатында астананы Нұр-Сұлтаннан Түркістанға көшіру туралы тараған қауесетке қатысты жауап берді.

Журналист Нұрсұлтан Назарбаевқа қазақстандықтар арасында астананы Түркістанға ауыстыру туралы қауесетке байланысты сұрақ қойды.

"Оған ешқандай негіз жоқ. Бірақ айтудың жөні бар ғой. Әсіресе сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай деп ойлайтын шығар. Тарихы өте үлкен әрине. Қожа Ахмет Яссауи келіп, мұсылмандықты уағыздады. Бұл түрік дүниесінің, түркітектес адамдардың мұсылман дініне ұласты. Сондықтан олардың сыйлайтыны, жақсы көреді, әсіресе Түркиядан бәрі келгісі келеді, көргісі келеді. Солай болғаннан кейін ел астанасы болса деген ойлар бар шығар. Бірақ біз астанамызды қазір ары қарай ұлғайтамыз. Бұрынғы Ақмоланың 200 мыңдай халқы 1 миллион 200 мың адамы бар шаһар болды. Нұр-Сұлтан деген ат болды. Мен оны өзім ұсынған жоқпын. Бірақ қарсы да болған жоқпын. Себебі астананың әрбір тасы менің нұсқауыммен, әрбір түрі, әрбір ғимарат менің қатынасыммен салынды. Сондықтан біз Нұр-Сұлтан қаласын дамытамыз", - деді Назарбаев.

Айдары: Найзағай 02.12.2020 19

Қатысты мазмұн