Навальныйды 30 күнге қамады

none

18 қаңтарда Ресей соты Федеральды қызметтің сұрауы бойынша оппозициялық саясаткер Алексей Навальныйды 30 күнге қамауға алды. Бұл туралы оның адвокаты Вадим Кобзев хабарлады.

Навальный 17 қаңтарда Германиядан Ресейге оралған еді. Полиция оны Мәскеудегі Шереметьево әуежайынан алып кеткен.

Сот Навальный жеткізілген Химкидегі ішкі істер органының ғимаратында өтті. Сот жайлы Навальный мен адвокатына алдын ала хабарланбаған. Адвокаттарын сотқа ғана жіберді.

Ішкі істер министрлігінің Мәскеу облысы бойынша басқармасы соттың ішкі істер органы ғимаратында өтуін Навальныйдың коронавирус тестінің нәтижесі жоқтығымен байланыстырды. Қазіргі ереже бойынша, Ресейге шетелден келгендер 72 сағаттан тест тапсыруы тиіс.

Сот өткен орган ғимараты алдына Навальныйдың жүздеген жақтасы жиналды. Сот ашық өтсе де, журналистерді кіргізбеді. Залға тек Life пен "Россия" арнасының түсіру тобы кірді.

Навальный бұл әрекетті "бассыздық" деп мәлімдеді.

Айдары: Найзағай 18.01.2021 22

Қатысты мазмұн