Марат Әзілханов жаңа қызметке тағайындалды

none

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов жаңа қызметке тағайындалды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Марат Алмасұлы Әзілханов Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Әзілханов Марат Алмасұлы 1965 жылы 2 қаңтарда Қызылорда облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина университетін "емдеу ісі" мамандығы бойынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің академиясын "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек өтілін 1988 жылы бастаған. 1988-1992 - қалалық аурухананың интерн-дәрігері, Қызылорда қаласы №5 емхананың хирург-дәрігері. 2011-2013 жылдары дін істері агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды. 2013-2014 - дін істері агенттігінің төрағасы.

2014-2016 жылдары Мәдениет және спорт вице-министрі болды. 2016-2018 жылдары ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы болып жұмыс істеді. 2018-2019 - қоғамдық даму министрлігінің Жауапты хатшысы болған.

2019 жылдың сәуірінен бері Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған.

Айдары: Найзағай 21.04.2021 60

Қатысты мазмұн