Тағы бір резонанс тудырған сот тікелей эфирде көрсетіледі

none

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды.

"Жедел жәрдем жүргізушісіне күш көрсетумен қатар, бұзақылық жасады деп айыпталып отырған сотталушыға қатысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы бүгін, 2024 жылдың 2 мамырында сағат 11:00-де Қарағандыда өтеді", - делінген хабарламада. Сот отырысының онлайн трансляциясын Жоғарғы Соттың YouTube-арнасынан көруге болады.

Еске салайық, жедел жәрдем жүргізушісіне шабуыл қаңтардың аяғында Қарағандыдағы Майқұдық аулаларының бірінде болған. Нұрболат Дәкебаев жүргізушіні бірнеше рет ұрған. Бұл оқиға видеоға түсіп қалып, желіде резонанс тудырды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Айдары: Найзағай 02.05.2024 26

Қатысты мазмұн