Қазақстанның екі өңірінде ірі су қоймалары 100%-ға толды

none

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі 2024 жылдың 2 мамырындағы ағымдағы жағдай бойынша еліміздің су қоймаларындағы ахуал туралы айтты.

Ақпаратқа сәйкес, 100%-ға толған:

  • Ақмола облысында екі ірі су қоймасы;

  • Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы.

Сондай ақ ведомствода еліміздің басқа өңірлеріндегі су қоймаларының жағдайы туралы деректер ұсынды:

  • Қарағанды облысында үш ірі су қоймасы орта есеппен 98,6%-ға толы;

  • Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%;

  • Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%;

  • БҚО-ның төрт ірі су қоймасы орта есеппен 88%-ға толды;

  • Шығыс Қазақстан облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 82,4%;

  • Абай облысында Шүлбі су қоймасы 39,8%-ға толды.

"Су қоймаларында жиналған су одан әрі ауылшаруашылығы мен өнеркәсіпте пайдалану үшін жіберіледі",- деп толықтырды ведомство баспасөз қызметі.

Дереккөз: Zakon.kz

Айдары: Найзағай 03.05.2024 27

Қатысты мазмұн