
ҚР премьер-министрі Асқар Мамин ел азаматтарын 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
"Қымбатты отандастар, баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын! Бұл мереке - біздің біртұтастығымыз бен баянды болашағымыздың символы.
Қазақстанда әр түрлі ұлттың өкілдері тұрады, бірақ біз, қазақстандықтар - бір халықпыз. Көпұлтты қоғамдағы ұрпақтар бірлігі мен келісімінің арқасында Қазақстан барлық қиындықтарды еңсеріп, сындарлы тарихының түрлі кезеңдерінде табысты дамыды.
Біздің бүгінгі ортақ мүддеміз - ұлтаралық келісім мен өзара түсіністікті сақтау және нығайту. Осындай дәстүрлі құндылықтар халқымыздың өмір сүру сапасын арттыра отырып, еліміздің тұрақты және серпінді әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды алғышартына айналды.
Ортақ шаңырағымыз - Қазақстан Республикасының кемел келешегі біздің ынтымағымызға, жасампаз еңбегімізге, күш-қуатымызға және ең күрделі жалпыұлттық міндеттерді шешудегі табандылығымызға байланысты. Бірлік күні бізді Қазақстанның игілігі үшін жаңа жетістіктер мен табыстарға бастай берсін! Барлық отандастарымызға, әрбір отбасына зор денсаулық, татулық пен бақ-береке тілеймін!", - делінген primeminister.kz сайтында жарияланған құттықтауда.