Мәжіліс және мәслихат сайлауын өткізу тәртібін жарияланды

none

Қазақстанда мәжіліс және мәслихат сайлауы бір күнде – 19 наурызда өтеді. Кандидаттарды ұсыну 20 қаңтарда басталып, 8 ақпанда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі 18 ақпан Астана уақытымен кешкі сағат 18.00-де бітеді. Үгіт-насихат кезеңі 18 ақпан кешкі сағат 18:01-де басталып, 18 наурыз түнгі сағат 00-00 аяқталады.

20 қаңтар күнгі брифинг кезінде орталық сайлау комиссия өкілдері осылай деп мәлімдеді.

ОСК өкілдерінің айтуынша, мәжілістің 69 депутаты – партиялық тізіммен, 29-ы бірмандаттық территориялық сайлау округы бойынша сайланады.

"Облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттарының 50 пайызы мажоритарлық жүйемен, 50 пайызы партиялық тізіммен сайланады" деді ОСК мүшесі Сабила Мустафина.

Ақпаратқа қарағанда, республика бойынша барлығы 223 мәслихатқа 3415 депутат сайланады.

ОСК өкілдері мәжіліс депутаттығынан үміткерге қойылған талаптарды айтты:

ҚР азаматы;

Қазақстан аумағында соңғы он жылда тұрған;

25 жасқа толған;

Бұрын сотталмаған адам үміткер бола алады.

Ал мәслихат депутаттығынан үміткер кемінде 20 жаста болуы тиіс.

Бір күн бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәжіліс және мәслихатты таратып, кезектен тыс сайлауды 19 наурызға белгілеген еді.

Айдары: Найзағай 20.01.2023 41

Қатысты мазмұн