
Мәулен Әшімбаев Сенат төрағасы болып сайланды.
"Депутаттар жасырын дауыс беру арқылы ел Президенті ұсынған кандидатураны бірауыздан мақұлдады. Әшімбаевты сайлауға 50 депутат дауыс берді, қарсы даулар жоқ", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Мәулен Әшімбаевты Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған болатын.
"Өздеріңіз білесіздер, менің Жарлығыммен Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев Сенат депутаты болып тағайындалды. Конституцияның 58-бабының 1-тармағына сәйкес Сенат Төрағасы лауазымына Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың кандидатурасын ұсынамын.
Ол бұған дейін осы міндетті абыроймен атқарды. Заң шығару жұмысын жақсы біледі. Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Сондықтан, оны Сенат Төрағалығына лайықты деп санаймын. Сенаттың қызметі табысты болсын! Баршаңызға амандық тілеймін!", - деді Президент.
Мәулен Әшімбаев 2020 жылдың мамырынан 2023 жылдың қаңтарына дейін Сенат төрағасы қызметін атқарған.
Tengrinews.kz