Мәсімовпен бірге тағы кімдер ұсталды

none

Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бұрынғы орынбасарлары ұсталды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мәліметінше, бұрынғы төраға Кәрім Мәсімовке қатысты мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша соталды тергеуді жалғастырып жатыр.

Осы іс бойынша билікті күшпен басып алуға және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалануға бағытталған іс-әрекеттер дерегіне қатысты қосымша соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталған.

"Бұл қылмыстарды жасады деген күдікпен Кәрім Мәсімовтен басқа ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары - "А" арнайы мақсаттағы қызмет бастығы Әнуар Садықұлов пен ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин ұсталды", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомство өкілі тергеу жалғасатынын мәлімдеді.

Еске салайық, осыған дейін ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен 2 айға қамауға алынғанын.

Ол 6 қаңтарда уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады Tengrinews.

Айдары: Найзағай 13.01.2022 122

Қатысты мазмұн