Коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы тез жұғады

none

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирустың оңтүстікафрикалық штамы SARS-CoV-2-нің "қарапайым" түріне қарағанда тез жұғатынын растады.

ДДҰ төтенше жағдайлар бөлімінің техникалық тобының жетекшісі Мария ван Керкховенің сөзінше, бұл аурудың ауырлығына әсер етпейді.

"Бұл штамм ұлыбританиялық түрі секілді тез жұғады", - деді ол.

501.V2 штамы алғаш Оңтүстік Африкада былтырғы қазан айында анықталған. ECDC ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметтері бойынша, бүгінде вирустың бұл түрі Оңтүстік Африкада тарап жатыр.

Айдары: Найзағай 19.02.2021 31

Қатысты мазмұн