Коронавирус жұғу үдеп кетті

none

Қазақстанда коронавирус симптомдарын айтып, дәрігерге өздері жүгінетіндер көбейді. Бұл туралы бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты.

"Бүгінде коронавирус инфекциясының белгілерімен медициналық көмекке жүгінетіндердің саны артты. Мұндай адамдардың саны апта ішінде 40 пайызға өсті. Өткен аптамен салыстырғанда 15 пайыздан 17,5 пайызға дейін ұлғайды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Павлодар, Ақтөбе, Қостанай облыстарында жүгінгендердің саны артқан.

Өздері дәрігерге келгендердің көбеюі - бәріміз карантин бітті және бұрынғы өмірімізге еш шектеусіз оралуға болады деп ойлап, профилактикалық шараларды сақтамаудың айғағы. Өкінішке қарай, көбі коронавирус инфекциясының қаупін елемейді. Бұл - өте тез жұғатын ауру, оның салдары ауыр болатынын ескерткім келеді", - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ онлайн-брифингте.

Бұған дейін ол Нұр-Сұлтанда азық-түлік дүкендерінің сатушыларынан күнде коронавирус анықталып жатқанын айтқан еді.

Айдары: Найзағай 20.05.2020 20

Қатысты мазмұн