Коронавирус пен пневмониядан күн сайын 7-8 адам өліп жатыр

none

18 қарашада Қазақстанда 202 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, 95 адам жазылды. Өткен тәулікте пневмонияның бұл түрінен 2 адам қайтыс болды.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бастап коронавирусқа ұқсас пневмонияға бөлек код беріп, пневмонияның сол түріне шалдыққандарды бөлек есептеп келеді. Содан бері 40 690 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған, 423 адам қайтыс болған, 29 814 адам жазылған.

Қазір 9 961 адам коронавирустан емделіп жатыр, 464-і - бала. 2 992-і - ауруханада жатыр. 228 адамның жағдайы - ауыр, 22 адамның жағдайы - өте ауыр, 23 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Қазақстанның Covid бойынша ресми статистикасына коронавирус жұққан бірақ арнайы комиссия "Covid-тен емес - ілеспе аурудан қайтыс болды" деп шешім шығарған жүздеген адам өлімі енгізілмеген.

Елде коронавирус статистикасына күмән келтіретіндер де бар. Тәуелсіз зерттеу жүргізген Сандж зерттеу ұйымы "елде үш миллионнан астам адамға вирус жұққан" деп санайды.

Айдары: Найзағай 19.11.2020 15

Қатысты мазмұн