Коронавирус күшейіп барады

none

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус тесті оң шыққан 2077 адам тіркелген. Тағы 77 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пневмониясы мен адам өлімі бойынша екі күн бұрынғы (31 наурыз) мәліметті жариялап келеді. Сәрсенбі күні 14 адам өлімі тіркелген. 12-сі – коронавирустан, екеуі коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Өткен тәулікте Алматыда – 595, Нұр-Сұлтанда – 427, Алматы облысында – 239, Қарағанды облысында – 144, Ақтөбе облысында – 127, Атырау облысында – 103, Батыс Қазақстан облысында 104 науқас тіркелген. Қызылорда облысында – 27, Маңғыстау облысында – 22, Түркістан облысында – 22, Жамбыл облысында – 18, Шымкент қаласында – 96, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Қостанай облысында – 36, Ақмола облысында – 50, Павлодар облысында – 21, Шығыс Қазақстан облысында 41 науқас анықталған. Олардың ПТР тесті оң шыққан.

2020 жылдың наурыз айынан бері 248 931 адамның коронавирус тесті оң шыққан. Содан бері 3 072 адам қайтыс болған. Бұған қоса, 694 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады. 1 тамыздан бері 50 695 адамға коронавирус пневмония диагнозы қойылған.

Қазір 26 095 адам коронавирустан емделіп жатыр. 24,5 мыңының коронавирус тесті оң шыққан. 90 адамның жағдайы өте ауыр. 56 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Айдары: Найзағай 02.04.2021 99

Қатысты мазмұн