Қытай ұйғыр шенеунікті өмір бойы түрмеге қамады

none

Қытай соты бұрын жоғары қызметтерде істеген ұйғыр саясаткері Нур Бекриді "жемқорлық айыбымен" өмір бойы түрме жазасына кесті.

2 желтоқсанда Қытай мемлекеттік телеарнасы Бекри сот кезінде айыбын мойындағанын жеткізді.

Бекри – Қытайда лауазымды қызметте істеген этникалық ұйғырдың бірі. Биыл қыркүйекте оның үстінен "жемқорлық айыбымен" тергеу басталған.

Ол Қытайдың ұлттық энергетика агенттігін басқарды және былтырға дейін Қытайдағы жоспарлау агенттігі бастығының орынбасары болған. Бекри 2008-2014 жылдары Шыңжаң аймағында басшылық қызметте істеген.

Бекри халықаралық қауымдастық Пекинді "Шыңжаңдағы ұйғырлар мен басқа да мұсылмандарға қысым жасады" деп сынап жатқан тұста сотталды.

Пекин жемқорлыққа қатысы күрес науқанын бастап, көптеген шенеунікті ұстаған. Сыншылар кейбір ұсталғандардың ісінде саяси астар бар деп санайды.

Айдары: Найзағай 03.12.2019 10

Қатысты мазмұн