Қырғызстан президенті отставкаға кетті

none

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков отставкаға кету туралы шешім қабылдады.

"(...) Мен билікті ұстамаймын. Қырғызстан тарихында өз азаматтарын атқан, қан төккен президент ретінде қалғым келмейді. Сондықтан отставкаға кету туралы шешім қабылдадым. Жапаров пен басқа да саясаткерлерді өз жақтастарын ел астанасынан шығарып, Бішкек тұрғындарына бейбіт өмірді қайтаруға шақырамын. (...) ", - делінген Жээнбековтің үндеуінде.

Еске салайық, 5 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауының қорытындысымен келіспеген азаматтар жаппай наразылық білдірген еді. Митингіге шыққандар президент әкімшілігі және парламент отыратын Ақ үйге басып кірген болатын.

Айдары: Найзағай 15.10.2020 12

Қатысты мазмұн