Қазақстанның вакцинация паспорты шетелде қашан жарамды болады?

none

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Еуропада қазақстандық вакцинация паспортын тану туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Қазір біз екі ел арасында екіжақты форматта жұмыс жүргізіп жатырмыз. Алты ел қазірдің өзінде мойындады. Бізде вакцинация паспорттары бойынша өзара тану бар. Бұл Венгрия, Кипр, Түркия, Тайланд, Вьетнам елдері. Біздің вакцинация паспорттарымызды қабылдайтын белгілі елдер бар. Әрі қарай, бізде CoronaVac вакцинасы бар, оны ДДСҰ мақұлдайды, ешқандай шектеу жоқ. Қалған вакциналар бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жақын арада бұл вакциналар ДДСҰ-да шұғыл тіркеліп, жалпы тізімге енеді деп ойлаймыз", - деді Цой "Хабар 24" телеарнасында.

Министр еуропалық елдермен қазақстандық вакцинация паспортын тану бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздер туралы түсіндірді.

"Әр елмен екіжақты форматта жеке жүргізіледі. Біздің елшіліктер де осыған бағытталған. Сыртқы істер министрлігі пысықтайды. Соның ішінде түрлі ұйымдармен, ЕАЭО-мен келіссөз жүріп жатыр. Біз қазір ДДСҰ аккредитациясы бар басқа вакциналарды жеткізу мәселесін қарастырып жатырмыз. Жақын арада олар Қазақстанда да қолжетімді болады", - деп қорытындылады денсаулық сақтау министрі.

Айдары: Найзағай 19.07.2021 39

Қатысты мазмұн