Қазақстандықтарға Түркияға баруға рұқсат берілді

none

20 мамырдан бастап, 31 елдің азаматына медициналық көмек алу үшін Түркияға баруға рұқсат берілді, деп хабарлайды "Анадолы" агенттігі.

Коронавирус пандемиясына байланысты 28 наурызда Түркия халықаралық тасымалды тоқтатты.

Қазақстан азаматтарынан басқа, Ирак, Ливия, Әзербайжан, Греция, Ресей, Украина, Өзбекстан, Грузия, Түрікменстан, Молдова, Қырғызстан, Джибути, Катар, Германия, Ұлыбритания және Нидерланды азаматтары шекарадан өте алады.

Түркия үкіметі науқастарға төмендегі медициналық қызмет түрлерін көрсетеді:

-ортопедия, травматология, жалпы хирургия, балалар хирургиясы, урология, көз аурулары, кардиология, онкология, нейрохирургия, гематология, репродуктивті терапия, ағзаны және сүйек кемігін трансплантациялау.

Сонымен қатар, шекарадан коронавирусқа сынамасы тек теріс нәтиже көрсеткен науқастар өткізіледі.

Түркияда медициналық көмек алғысы келетін барлық шетелдік азамат туралы ақпарат алдымен халықаралық медициналық бақылау жүйесінде орналастырылады. Алдын ала растау алғаннан кейін оларға елге баруға рұқсат беріледі.

Түркия маусым айының ортасынан бастап шетелдік туристерді қабылдауды жоспарлап отыр.

Айдары: Найзағай 17.05.2020 38

Қатысты мазмұн